380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде орман өртінен 3,5 мың адам эвакуацияланды

  • 118
  • UPD: 15:08, 25.05.2019
Израильде орман өртінен 3,5 мың адам эвакуацияланды

Израильде орман өртеніп, табиғат апатынан жақын маңдағы елді мекендерде 3 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Иерусалим мен Тель-Авив арасындағы лаулаған жалын ондаған үйді күлге айналдырып, бірнеше тас жол жабылған. Қазір тілсіз жаумен күресу үшін Италия, Грекия, Кипр, Хорватия және Египет елдері қол ұшын беріп, Израильге ұшақтар мен тікұшақтар аттандырды. Мамандар күннің ыстық әрі желді болуынан өрт күшеюі мүмкін деп отыр.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Біздің басты міндетіміз – адамдардың өмірін сақтап қалу. Бұл дегеніміз қаншалықты қиын болмасын тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуі тиіс екенін білдіреді. Ал лаулаған жалынды сөндіру үшін қажетті шаралардың барлығы қолға алынатын болады. 

Хабар 24 телеарнасы