384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады

  • 712
  • UPD: 21:28, 25.05.2019
Мексикада Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады tvzvezda.ru

Мексикада осы елдің әскери-теңіз күштеріне тиесілі Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты.

Оқиға Сан-Луи Потоси штатында орын алды. Тікұшақ орман өртін сөндіріп жатқан. Бірақ белгісіз себептерден құлап, апатқа ұшырады. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал ресми дерекке қарағанда, Мексика қарулы күштерінде ресейлік ондаған түрлі тікұшақ бар.

Хабар 24 телеарнасы