378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда наразылық шеруі кезінде қаза тапқандардың саны артты

  • 124
  • UPD: 21:28, 25.05.2019
Индонезияда наразылық шеруі кезінде қаза тапқандардың саны артты

Индонезияда президенттік сайлаудан кейінгі наразылық шерулерінен қаза тапқандардың саны 8-ге жетті.

Тағы 900-ден астам адам жарақат алды. Дәрігерлік көмекке жүгінгендердің көбі – 20-30 жас аралығындағы жастар. Еске сала кетейік, Джакартада наразылық шеруі мамырдың 21-і күні президенттік сайлауда елдің қазіргі басшысы Джоко Видодо жеңіске жеткені туралы жарияланған соң басталды. Оппозиция генерал Правобо Субиантоның жеңілгені туралы шешімге қарсылық білдіріп, конституциялық сотқа шағымданатынын жеткізді. Осыдан кейін 200-ден астам адам шеруге шығып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Хабар 24 телеарнасы