383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда оқу орталығы өртеніп, 19 студент қаза тапты

  • 178
  • UPD: 21:25, 25.05.2019
Үндістанда оқу орталығы өртеніп, 19 студент қаза тапты

Үндістанда сауда үйінде орналасқан оқу орталығы өртеніп, 19 студент қаза тапты.

Тағы 20 студент жарақат алды. Оқиға Сурат қаласында болды. От сауда орталығының 3-4-қабатында дәл дайындық курстары өтетін жерден шыққан. Лаулаған жалын тез тарап, шәкірттер оқу орнына қамалып қалған. Салдарынан студенттердің көбі терезеден секіріп мерт болды. Оқиғадан соң сауда орталығының иелері қашып кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр. Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жергілікті билік шұғыл түрде өзге оқу орындары мен сауда орталықтарын тексеруді бастады.

Хабар 24 телеарнасы