Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Антонио Бандерас Канн фестивалінде үздік актер атанды

  • 99
  • UPD: 13:59, 26.05.2019
Антонио Бандерас Канн фестивалінде үздік актер атанды Reuters

Атақты актер Антонио Бандерас Канн кинофестивалінде бағы жанып, ер адамның ролін үздік сомдағаны үшін жүлдеге ие болды.

Танымал да атышулы режиссер Педро Альмодовардың «Боль и слава» фильмінде Бандерас басты кейіпкер Сальвадор Майоны сомдаған.

«Біз бірлесіп жасаған фильм көп. Және мен бұл адамды құрметтеймін. Осы жүлдемді оған (Педро Альмодоварға - ред.) арнадым... ал өмірімізде тауқымет деген кездесіп отыратын нәрсе, бірақ бүгінгі кеш менің даңққа бөленген кешім», — деді фестиваль сахнасында сөз алған Бандерас.

Айта кету керек, Канн фестивалінің Гран-при жүлдесін режиссёр Мати Диоптың «Атлантика» картинасы иеленді.

Ал режиссер Педро Альмодовар болса, ТМД елдері мен отандық көрермендерге «Дурное воспитание» фильмі арқылы танымал.

Reuters

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы