389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропадағы сайлау алдында климатқа жанашыр жастар шеруге шықты

  • 259
  • UPD: 08:45, 26.05.2019

Еуропалық сайлау алдында бірақатар мемлекеттің жастары климатты қорғау мақсатында дүниежүзілік шеру ұйымдастырды.

Әсіресе француздар белсенді болды. Олардың пайымдауынша, еуропарламенттің болашақ құрамы қазіргі жағдайды жақсы жағына өзгертуге қауқарлы соңғы құрам болмақ.

Шеруге шыққан 15 мың жастың ішінде студенттер мен оқушылар бар. «Климатты қорғау» дүниежүзілік наразылық акциясына қатысу үшін олар сабаққа бармаған. Сайлау алдында жастардың дауысы жарқын шығып жатыр.

Кейбір манифестанттардың жасы тіпті 18-ге де толмаған. Сондықтан сайлауда олар дауыс бере алмайды. Айтуларынша, олардың мақсаты-өз дауыстарын шеру кезінде естірту екен.

Ингрид, студент:

- Біздің мемлекет жастардың дауысын естігенін қалаймыз. Ұзақ уақыттан бері апта сайын өз талабымызды айтып келеміз. Алайда әлі күнге жауап жоқ. Олардың табиғатты қорғауға қатысты заң қабылдау туралы шешімдерін күтіп жүрміз.

Алдағы Еуропарламент сайлауына «ғасыр сайлауы» деген ат беріп үлгерді. Яғни Еуропа тарихында «жасылдардың» дегені болуы мүмкін. Саяси партиялардың барлығы да өз бағдарламаларына қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелерді енгізген. Осы арқылы саясаткерлер ұпай жинағысы келгенмен, халық аса сеніп отырған жоқ. Тіпті «саясаткерлер бұл мәселені өз пайдалары үшін әдейі көтерді» дейтіндер бар. Дүниежүзілік шеруді үгіт алаңына айналдырғандар да болды. Себебі алдын ала сауалнама кезінде француздардың 80 пайызы климатты қорғауға уәде берген үміткерді таңдауы мүмкін.

Леа Жевудан, Жас еуропалықтар одағының вице-президенті:

- Әсіресе жастардың арасында экология мәселесіне көңіл бөлетін саясаткерді таңдағысы келетіндер көп. Біз олардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты шешім қабылдағандарын қалаймыз.  

Климатты қорғауға арналаған шеру кезінде қанша дауыс жиналғаны әлі белгісіз. Бұл қозғалыстың құрылғанына көп болмаса да бірнеше ай бұрын 2 млн адам көшеге шыққан еді. Яғни осы қарқынмен жалғасса, «жасылдар» Еуропа саясатындағы жетекші күшке айналуы мүмкін.

Авторлары: Алия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы