389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде оқушылар АЭС-тен бас тартуға шақырды

  • 258
  • UPD: 09:43, 26.05.2019
Берлинде оқушылар АЭС-тен бас тартуға шақырды

Шара қаланың басты көрікті жерлерінің бірі - Бранденбург қақпасының алдында өтті.

Оқушылар Еуропа елдерін атом электр станцияларынан бас тартып, пластик ыдыстарға тыйым салуға шақырды. Олар сондай-ақ жергілікті биліктен Германияда көмірді пайдалануды тоқтатуды сұрады. Оқушылардың айтуынша, Еуропа елдері жер шарының табиғатын қорғауға көп көңіл бөлу керек, ал экологиялық мәселелер басымдыққа ие болуы тиіс.

Генриетта Коль, шараға қатысушы:

- Мен мына үнпарақшамен барлығын әрекет етуге шақырамын. Себебі біз жаңа буын өкілдеріміз. Сондықтан қазіргі экологиялық ахуалды өзгертуге күш салумыз керек. Өйткені болашағымыз ғаламдық климатқа байланысты.

Франц Оссин, шараға қатысушы:

- Біз «Ғылым болашақ үшін» ұйымының ғалымдары қазіргі шеруді қолдаймыз. Кейбіреуі оқушылар шараны сабаққа бармау үшін ұйымдастырып отыр деуі мүмкін. Бірақ бұл акцияны ағартушылық мақсатта да өткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы