383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда мектеп емтихандарына өзгеріс енгізілді

  • 104
  • UPD: 09:51, 26.05.2019
Арменияда мектеп емтихандарына өзгеріс енгізілді

Арменияда биыл 9-сынып оқушылары алғаш рет Армян тілі және әдебиеті пәні бойынша орталықтандырылған емтихан тапсыратын болды.

Бұдан бөлек 32 мың оқушы колледжге түсу үшін математика, ел тарихы, шет тілі және жаратылыстану ғылымдарының бір пәні бойынша сынақтан өтеді. Емтихан мамырдың 26-сынан бастап маусымның соңына дейін жалғасады. 22 мың мектеп түлегі жоғарғы оқу орнына түсу үшін математика, Армения тарихы және мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырады. Сынақ 20 балдық межемен есептеледі. Ресми ақпарға қарағанда биыл мектеп бітірушілер Ереван мен мен облыс орталықтарында көп. Олардың едәуір бөлігі шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін бақтарын сынап көретінін айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы