389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті

  • 297
Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті

Жапонияның екі жүк кемесі Тынық мұхитта, Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырым қашықтықта соқтығысып қалды.

Салдарынан кеменің біреуі суға батып кеткен. Борттағы экипаждың бес мүшесінің төртеуі із-түзсіз жоғалды. Кеме капитаны құтқарылды. Апат түнде қалың тұман кесірінен болды. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген судно Осакаға бара жатқан. Қазіргі уақытта жағалау күзеті жоғалған теңізшілерді моторлы қайық және тікұшақтармен іздестіріп жатыр.

NHK

Хабар 24 телеарнасы