378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


И.Маск ұшырған «кемелер тізбегі» аспанды жарқыратып жарып өтті

  • 199
  • UPD: 11:15, 26.05.2019

SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыранымен ұшырған Starlink жүйесінің жерсеріктері орбитаға сәтті жетті.

Falcon 9 Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 24 мамыр күні астаналық уақытпен сағат 08:30-да ұшып, 60 жерсерікті 440 шақырымдық Жер орбитасына сәтті алып шықты. Бұл жерсеріктер – Жер планетасын интернет-сигналмен барынша қаматамыз ету үшін жасалып жатқан SpaceX жобасының бір бөлігі. Нидерланд тұрғыны Марко Лангбрук (Marco Langbroek) жерсеріктердің қозғалыс жыламдығы арқылы орбитада көріну уақытын есептеп шығып, видеоға түсіріп алған.

«Міне түсірген видеом, енді миыңыз жарылып кетпесін! Есебім дәл болған екен. Жерсеріктер жоспарлаған уақытта ұшып өтті, тіпті 3 минут ерте келді. Бұл өте ғажайып көрініс болды. Мұндай жарқылдаған пойызды көргенде «Уау!» дедім. Олар мен ойлағаннан да жарық болып шықты», – дейді Марко Лангбрук.

Лангбрук бұл көріністі Watec WAT-902H3 (объективі – Canon FD 50 mm f/ 1.8) монохром камерасын пайдаланған. 60 жерсерік 550 километр биіктікке дейін көтеріледі. Ал ракета оларды 440 километрге дейін апарды. Жоспарланған орбитаға дейін (550 км) жерсеріктер Холл эффекті қолданылған қозғалтқыштар арқылы жетпек. Қозғалтқыштар әр 90 минут сайын қосылып отырады.

Хабар 24 телеарнасы