384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламентке сайлау өтіп жатыр

  • 424
  • UPD: 14:42, 26.05.2019
Еуропарламентке сайлау өтіп жатыр

Еуропалық Парламентке сайлаудың соңғы күні. Саяси дода Еуроодақтың 21 елінде өтіп жатыр.

Әлем назары әсіресе  Франция мен Германияға ауып отыр. Себебі осы екі мемлекет ортақ парламенттегі біршама мандатқа иелік етеді.  Мысалы, Германияға 96 ал, Францияға 74 орын тиесілі. Жалпы дода ЕуроОдақ елдерінде бейсенбі күні басталған. Алдымен Ұлыбритания мен Голландия азаматтары өз таңдауын жасап, жұма күні сайлау Чехиямен Иралндияда, ал кеше Латвия, Словакия, Люксембург және Мальтада өтті. Алдын ала қорытындыға қарағанда Ирландия, Словакия және Голландияда социал-демократтар алда келеді. Сайлаудың алғашқы қорытындысы бүгін кешке белгілі болады.

Блиц:

- Мен сайлауға қатысамын. Өйткені біз құндылықтарымызды қорғаумыз керек. Қазіргі билік қолымызда бар дүниемізді алып, зейнетақыны азайтып жатыр. Олар байлардың жағдайын жақсартуда.

- Мен сайлауға бармаймын. Себебі ағылшындар сияқты еліміздің Еуроодақтан шықанынн қалаймын.

- Мен дауыс беремін. Өйткені бұл біздің азаматтық міндетіміз. Бірақ әлі кімге дауыс беретінмді шешкен жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы