378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі шіркеуде рок жанрында ән айту үйірмесі ашылды

  • 121
Нью-Йорктегі шіркеуде рок жанрында ән айту үйірмесі ашылды

Нью-Йорктегі Манхэттен шіркеуіне келушілерге сальса билеп, рок айтуға болады.

Шіркеуде арнайы үйірмелер ашылды. Осылайша Американың діни құрылымдары өз қызметіне жаңашылдық енгізіп жатыр. Қала тұрғындары шіркеуде бос уақытын қызықты өткізіп, шығармашылықпен айналысады. Мысалы, бірінші қабаттағы залда испан биін үйретсе, көрші бөлмеде вокал техникасын меңгеруге болады. Ал екінші қабатта драма театры орналасты. Бұл шіркеу қызметшілері мен келушілерге өте қолайлы екен.

Даниель Матар, Нью-Йорк қаласының тұрғыны:

- 2015 жылдан бері осы шіркеуге келеміз. Осында өнертанушылар мен театр сыншыларымен кездесіп тұрамыз. Музыка мен театр жанрына қатысты жаңалықтарды бірге талқылаймыз. Мысалы, бүгін Америка мен Африканың дәстүрлі өнері жайында әңгіме қозғадық. Осының бәрі шіркеу ішінде өтіп жатқаны қызық болар. Дегенмен, бұл жерде өзімізді жайлы сезінеміз. Мұнда үйірме көп.

Хабар 24 телеарнасы