378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Америкаға қабақ түйді

  • 211
  • UPD: 17:14, 26.05.2019
Иран Америкаға қабақ түйді RT

Иран АҚШ-тың Парсы шығанағындағы кемелерін құпия қарумен теңіз түбіне жібереміз деп сес көрсетті.

Мұндай мәлімдемені Ислам революциясының сақшылар корпусы қолбасшысының кеңесшісі Мортеза Корбани жасады. Ол «Мизан» агенттігіне берген сұхбатында Парсы шығанағындағы америкалық кемелер оқыс әрекет жасайтын болса, құпия қару және зымырандармен тас-талқаны шығарылды деп айтты.

Еске сала кетейік, соңғы айларда АҚШ пен Иран арасындағы қатынас шиеленісіп кетті. Вашингтон Иран экономикасының басты салаларына санкцияларды күшейтті. Ислам революциясының сақшылары корпусын лаңкестік ұйымның қатарына қосты. Ал Тегеран болса 2015 жылғы ядролық келісімнің кей баптарын орындаудан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы