384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскері лаңкестердің шабуылына тойтарыс берді

  • 350
  • UPD: 21:26, 26.05.2019
Сирия әскері лаңкестердің шабуылына тойтарыс берді

Сирияның Хама провинциясында үкімет әскері лаңкестік топтардың шабуылына тойтарыс беріп, 50 содырдың көзін жойды.

Әскерилердің айтуынша, үкімет жасақтарын 200-ге жуық лаңкес шабуылдаған. Олар әскерилерге қарсы танк және ауыр техниканы қолданған. Бірақ осыған қарамастан жеңіліс тапқан.  Бұдан бөлек содырлар осы аймақтың солтүстігіндегі екі елді мекенді атқылап, 4 бейбіт тұрғын қаза тапты, 7 адам жарақат алды. Содырлар ауылдарды зымыранмен атқылаған.

Айта кетейік, Сирияда соғыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Қазір елдің кей аймақтарында қалған содырларға қарсы операция жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы