383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудегі зілзаладан бір адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған

  • 161
  • UPD: 23:03, 26.05.2019
Перудегі зілзаладан бір адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған Haqqin

Перуде 8 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған, деп жазады russian.rt.com. Зілзала ошағы Лагунас деп аталатын қалашықтан 80 шақырымдай жерде тіркелді. Жергілікті билік дүмпуден көптеген үйлердің қирап қалғанын хабарлады. Сондай-ақ жақын елді мекендерде жарық сөніп қалған. Апат аймағында құтқару шаралары басталған. 

Хабар 24 телеарнасы