384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда түрмедегі төбелестен 15 адам көз жұмды

  • 315
  • UPD: 09:48, 27.05.2019
Бразилияда түрмедегі төбелестен 15 адам көз жұмды korrespondent.net

Бразилияның солтүстік-батысында орналасқан Амазонас штатындағы түрмедегілер арасында төбелес болып, кем дегенде 15 адам көз жұмды.

Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, Associated Press хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, оқиға Манаус қаласында орналасқан түрмеде болған. Оқиға орнына қауіпсіздік күштері қызметкерлері бағытталды. Олар жағдайды бақылауға алды.

Қазіргі уақытта түрмеден қашып кеткендер туралы ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы