378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде демократияны қолдаған мыңдаған адам шеруге шықты

  • 146
  • UPD: 12:21, 27.05.2019

Израильде мыңдаған адам парламенттік сайлауда жеңіске жеткен Беньямин Нетаньяхудың төртінші рет премьер-министр болып тағайындалуына қарсылық білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Демократияны қорғау қамалы» деп аталған шеруге 100-150 мың адам шықты. Полицияның Тель-Авив орталығындағы бірнеше көшені жауып тастауына тура келді. Ал Израиль мұражайы алдындағы алаңға шерушілер сыймай кетті. Наразылық акциясын сайлауда жеңіліп қалған партия ұйымдастырды. Себебі сайыста Биньямин Нетаньяху партиясы жеңіске жетіп, ол қайта премьер-министр болды. Бірақ оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Дана, шеруге қатысушы:

– Елде ешнәрсе өзгерген жоқ. Бұл өкінішіті. Бірақ біз күресімізді жалғастыра береміз. Алаңға демкоратияның арқасында қауіпсіз екенімізді түсінгендіктен, шығып отырмыз. Дауыс берушілердің 25 пайызы оны қолдап сенім артқанымен, ол біздің құқығымызға қауіп төндіре алмайды. 

Шеруде көтерілген үнпарақшалар әртүрлі. «Биби жетер», «Нетаньяху мен оның бандасы демократияға қауіпті» деген сөздерді көруге болады. Биби – үкімет басшысының лақап аты. Премьер-министрдің кінәсі сотта әлі дәлелденбегенімен, адамдар осыншама іс қозғалған тұлға үкімет басшысы болуға тиіс емес деген пікірде.

Ицхак, шеруге қатысушы:

– Біздің премьер – қылмыскер. Бірақ оны оңшылдар қолдап отыр. Алайда олар не болып жатқанын, шындықты түсінбейді.  Олардың өтірікке сеніп жүргені өкінішті.

Халық алдына солшыл партияның жетекшілері, депутаттар және саясаткерлер шығып сөз сөйледі. Олардың барлығы демократияға қауіп төніп тұр, адамдар оны қорғау үшін күресу керек деген сарында болды. 

Бени Ганц, «Кахоль-лаван» бірлестігінің жетекшісі:

– Олар бір адам үшін қоғамдық тәртіпті өзгертуге тырысып жатыр. Сол үшін мұқым ұлттың мүддесін таптамақшы.

Шерушілер қазіргі акция демократия үшін күрестің бастамасы және ол солшыл күштердің жеңісімен аяқталатынын айтады. Ал премьер-министр канцеляриясы шеруді «күлкілі оқиға» деді. Премьердің өзі болса қазір жаңа үкіметті құрылымдап жатыр. Оның бұған 5 күндей уақыты бар.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы