389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент сайлауы аяқталды

  • 379
Еуропарламент сайлауы аяқталды

4 күнге созылған Еуропарламент сайлауы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түнде Брюссельде алғашқы қорытынды жарияланды. Ол интеграцияны қолдаушылардың басымдығын көрсетіп қана қоймай, еуроскептиктер мен оңшылдардың танымалдылығының артқанын айқындап берді. Сайлау нәтижесінде жетекші партия саналатын «Еуропа халықтық партиясы» басым дауыс жинады. Екінші орында социалистер мен демократтардың озық Альянсы орнықты. Айта кету керек, екі партия да осы сайлауда өткен сайлаумен салыстырғанда, аз мандат жинады. Сондықтан көпшілік дауысты құрай алмады. Үшінші орында либералдар мен демократтардың Еуропа үшін альянсы тұр. Олар Франция Президенті Эммануэль Макронның «Республика маршында» қозғалысымен біріккен еді. Сайлау қортындысы бойынша төртінші орында «Жасылдар» партиясы. Ал олардан кейін «Еуропалық консерваторлар мен реформаторлар» фракциясы тұр. Сайлау қортындысы жарияланғаннан кейін, Еуропа халықтық партиясының көшбасшысы Манфред Вебер өзі жетекшілік ететін партияның социалистер, либералдар мен жасылдардың  арасындағы еуропалық күштермен сөйлесуге дайын екенін жеткізді.

Альфред Вебер, Еуропа халықтық партиясының көшбасшысы:

– «Еуропа халықтық партиясы» болмаса көпшілікте тұрақтылық болмайды. Сондықтан біз келісімге келуге дайынбыз. Біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Негізгі идеямыз осы. Тұрақтылық жайында айтқан кезде, адамдардың Еуропадағы демократияға сенімі туралы айтамыз. Еуропарламент – болашақ үшін барлық мәселені бірлесе талқылап, шешім шығаратын орын.

Хабар 24 телеарнасы