378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Кафр-Набуд қаласы лаңкестерден азат етілді

  • 209
Сирияның Кафр-Набуд қаласы лаңкестерден азат етілді news.rambler.ru

Сирияның үкімет әскері Хама провинциясының солтүстігіндегі Кафр-Набуд қаласын лаңкестердің қолынан азат етті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір бұл бекініс толығымен үкімет жасағының бақылауында. Ал қаруланған террорлық топ мүшелері Эль-Хобейт қаласына қарай шегінді. Қазір жауласқан тараптар Телль-Сахер аумағында шайқасып жатыр. Айта кетейік, аймақта содырлардың үкімет әскеріне өз еркімен беріле алатын мерзімі аяқталды. Салдарынан қарсылас тараптар арасындағы атыс-шабыс жанданып, өңір көк түтінге қайта оралды.

Хабар 24 телеарнасы