378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламенттегі саяси додада А. Меркельдің консерваторлар партиясы алға шықты

  • 170
Еуропарламенттегі саяси додада А. Меркельдің консерваторлар партиясы алға шықты

Еуропарламенттегі сайлауда Германиядан 41 партия бақ сынады.

Саяси додада Ангела Меркельдің консерваторлар партиясы ең көп дауыспен алға шықты. Келесі орында 20 пайыз дауыспен «жасылдар» партиясы мен 15,5 пайыз дауыспен Германияның социал-демократиялық партиясы тұр. Айта кетейік, елде 64 млн адам дауыс беруге құқылы. Осы жолы олардың тек 60 пайызынан астамы ғана өз таңдауын жасаған.

Карин Фишер, Берлин қаласының тұрғыны:

– Еуропа біз үшін өте маңызды. Соның арқасында еркін өмір сүріп отырмыз. Еуропа Парламент бірінші кезекте климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер мен Еуроодақ елдеріндегі тұрғын үйлердің қымбатшылығына байланысты мәселелерді шешу керек деп ойлаймын.

Хамит, Берлин қаласының тұрғыны:

– Еуропа одағында көптеген ұлт достық пен татулықта өмір сүріп келеді. Адам құқықтары бірінші орынға койылған. Сондықтан дауыс беруге келдік. Өзгертулерге келсек, салық жүйесі минималды мөлшердегі мемлекеттерде ірі концерндер өзге елдегі кәсіпорындарымен бірдей салық төлеуі керек деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы