389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда жеміс-жидек бағасы қымбаттады

  • 391
  • UPD: 09:24, 28.05.2019
Грузияда жеміс-жидек бағасы қымбаттады

Негізінен импортты тауардың құны өскен.

Дей тұрғанмен құны шарықтап кеткен отандық өнімдер де баршылық көрінеді. Ал мамандардың айтуынша, мұндай жағдай бірнеше себеппен байланысты. Соның ішінде Грузия ұлттық валютасы ларидің АҚШ долларына шаққандағы бағамының күннен-күнге төмендеуі де өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты жекелеген тауарлар бағасы көтеріліп, экспорт өсіп, импортқа деген сұраныс төмендеуде. Ал бұдан бірінші кезекте қарапайым халық зиян шегіп отыр.

Лариса Хутишвили, сатып алушы:

- Жеміс-жидек бағасы шарықтап кетті. Бұған қоса көкөніс те қымбаттаған. Өткен жылы пияз бағасы 50-80 тиын төңірегінде болса, қазір 1 лари 50 тиынға жетті. Картоп та сол бағада. Алма мен құлпынай кей жерлерде 4 лариден, ал кей орындарда 1 лари 50 тиыннан сатылып жатыр. Бағаның неліктен осыншама әртүрлі екенін түсінер емеспін.

Акакий Цомая, экономист:

- Жеміс-жидек бағасының өсуіне негізінен үш себеп бар. Біріншіден, жергілікті жемістер экспортқа шығарылатынын ескеру қажет. Жыл өткен сайын грузиялық жемістерге сұраныс артып келеді. Яғни сұраныс артқан сайын ол бағаның қымбаттауына әкеледі. Сонымен қатар баға өсіміне туристік сегмент те өз әсерін тигізеді. Жалпы, туристік маусым кезінде жеміс жақсы өтеді, сәйкесінше баға да өседі. Ал үшінші себеп – ұлттық валюта бағамының құбылуы. Бұл да нарықтағы баға саясатына өз ықпалын тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы