382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда белгісіз ер адам саябақта жүрген адамдарға пышақпен шабуылдады

  • 138
  • UPD: 10:05, 28.05.2019
Жапонияда белгісіз ер адам саябақта жүрген адамдарға пышақпен шабуылдады © REUTERS

Жапонияның Кавасаки қаласындағы саябақта пышақ ұстаған белгісіз біреу мектеп оқушыларына тап берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңертең Caritas жекеменшік мектебінің аялдамасында тұрған адамдарға пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан 16 адам зардап шекті, оның 13-і 6-7 жастағы қыздар. Бір қыз және 30 жастағы ер адамның халі мүшкіл. Тағы екі ересек жарақат алған.

Жарақат алғандардың екеуі көз жұмды.

Полицейлер қылмыскерді ұстады. Ол өзін пышақпен жарақаттап, қазір ессіз жатыр. Оқиға болған жерден екі пышақ табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы