389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эвересте британдық азамат қаза тапты

  • 299
Эвересте британдық азамат қаза тапты

Эверест шыңын бағындырған 44 жастағы британдық азамат көз жұмды.

Бұл – осымен биылғы маусымдағы оныншы өлім. Бұған дейін үндістандық төрт адам, екі ирландиялық, Непал, Австрия және Америка Құрама Штаттарының альпинистері ажал құшқан еді. Оған себеп – биіктікті бағындыру жолында құрылған кезек. Биыл Непал билігі Эвересті бағындыру лицензиясын көп сатқаны соншалық, тау шыңында туристерден кезек құралған. Бір ғана көктем мезгіліне 381 альпинист әлемнің ең биік шыңын бағындыруға ниет білдірген. Ауа райының қолайсыздығынан кейбірі тіпті марқұм болып жатыр.

Айта кетейік, Эвересті бағындыру лицензиясын алу үшін әрбір альпинист 11 мың АҚШ долларын төлеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы