389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

  • 305
Сирияда әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

Сирияда Башар Асад режимінің әскері Идлиб маңындағы лаңкестер шоғырланған елді мекендерге әуеден шабуылдады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, 100-ден астам соққы жасалды. Салдарынан Ариха қаласында 5 әйел мен бір бала қаза тапты. Мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Ондаған адам қираған ғимараттардың астында қалған. Ал жарақат алған 28 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Құтқарушылар әлі де үйінділер астынан адамдарды іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы