384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Ирактағы күрдтерге қарсы әскери ұрыстарды бастады

  • 147
  • UPD: 12:22, 29.05.2019
Түркия Ирактағы күрдтерге қарсы әскери ұрыстарды бастады

Түркияның әскери әуе күштері Ирактың солтүстігінде «Күрдістан жұмысшылар партиясына» қарсы әскери әрекет бастады.

Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігі хабарлайды. Кеше жергілікті уақытпен 20:00-де басталған әуе соққыларынан Түркияда тыйым салынған ұйымның аймақтағы нысандары жойылды. «Пенче» атты әскери операцияның негізгі мақсаты, аймақты лаңкестік ұйымдардан азат ету. Министрліктің сөзінше, Хакурк пен Авашин-Басьяне аудандарындағы әскери әрекетке отандық 10 «Атак» тікұшақтары мен арнайы дайындықтан өткен жауынгерлер жұмылдырылған. Сондай-ақ ұшқышсыз әуе аппараттары мен қосымша техникалар қолданылған. Айта кетейік, ресми Анкара Күрдістан жұмыс партиясын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін террорлық ұйым деп санап, бірнеше жылдан бері оларға қарсы әскери әрекет жүргізіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы