378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йемен астанасын атқылаған араб коалициясы қару қоймасын көздеген

  • 141
  • UPD: 14:20, 29.05.2019
Йемен астанасын атқылаған араб коалициясы қару қоймасын көздеген

Араб коалициясының әскери-әуе күштері Йемен астанасы Сана маңына әуеден соққы берді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдаушылар хуситтердің қару-жарақ қоймасын нысанаға алған. Әзірге атыс-шабыстан қаза тапқандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге салайық, Йеменде алтыншы жыл қатарымен азаматтық соғыс жалғасуда. Үкімет әскері хуситтермен шайқасып жатыр. Ал 2015 жылы бұл шиеленіске Сауд Арабиясы да араласа бастады.

Хабар 24 телеарнасы