384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербия әскері жауынгерлік дайындық күйіне келтірілді

  • 384
  • UPD: 15:33, 29.05.2019

Косово полициясы елдің солтүстік аймақтарындағы серб аудандарында 20-дан астам адамды қамауға алды.

Тұтқынға алынғандардың басым бөлігі полиция мен кеден қызметкерлері. Ішінара мойындалған республика билігінің мәлімдемесіне сай, олар қару-жарақ контрабандасы мен жемқорлық күдігіне ілігіп отыр. Өз кезегінде Белград бұл операцияны Приштинаның серб аудандарын өз бақылауына алу әрекеті ретінде қабылдауда. Соған байланысты Сербия президенті Александр Вучич полицияның арнайы бөлімшелері мен әскерилердің жауынгерлік даярлыққа келтірілуі туралы бұйрық берді. Ал серб аудандарының тұрғындары косоволық қарулы күштері қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдірген. Олар баррикада құрып, полицейлерге тас лақтыра бастаған. Куәгерлердің сөзінше, жауап ретінде оларға қарсы резеңке оқ атылып, жарық-дыбыстық гранаталар қолданылған. Екі жақтан да зардап шеккендер бар.

Хабар 24 телеарнасы