382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадуро АҚШ-қа айып тақты

  • 137
  • UPD: 14:53, 29.05.2019
Мадуро АҚШ-қа айып тақты

Жанар-жағармай мен азық-түлік заттарын АҚШ-тың кесірінен Каракаска жеткізе алмай отырмыз.

Венесуэланың президенті Николас Мадуро осылай дейді. Оның айтуынша, елге әлеуметтік көмек жібергісі келетін мемлекеттерге АҚШ санкция саламын деп қорқытып отыр. Мадуро сондай-ақ азық-түлік пен жанармайы бар оншақты кеме порттан шыққалы тұрғанда оған тыйым салынғанын айтады. Айта кетейік, Каракас пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас қаңтар айында ушықты. Ол кезде америкалық билік өкілдері Венесуэлада мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болған еді.

Хабар 24 телеарнасы