389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия халқы премьер-министрдің отставкасын талап етті

  • 368
  • UPD: 15:43, 29.05.2019
Чехия халқы премьер-министрдің отставкасын талап етті

Чехияда премьер-министр Андрей Бабишке қарсы наразылық акция басылар емес.

Жиналған жұрт бесінші апта қатарымен оның отставкаға кетуін талап етуде. Естеріңізге салайық, Бабишке Еуропалық одақтан бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылды.  Ол өз кезегінде тағылған айыпты мойындар емес. Ал халық болса премьер-министр бұл істен оңайлықпен құтылып кетеді деп күдіктенеді. Осыған орай елдің әділет министрінің жұмысына да көңілі толмайтынын айтып, Мария Бенешованың қызметінен кетуін талап етті. Тұрғындардың айтуынша, жаңадан тағайындалған әділет министрі заң жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді.

Хабар 24 телеарнасы