382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда теңіз түбінен 2 тонна балық аулау торлары табылды

  • 154
  • UPD: 16:51, 29.05.2019
Грекияда теңіз түбінен 2 тонна балық аулау торлары табылды Странник Дори -

Грекия экологтары Стратонион қаласы маңындағы теңіз айлағы түбінен салмағы екі тоннадан асатын ескі балық аулау торларын алып шықты.

Жалпы, пластик жабдықтардың теңіз түбінде ыдырамай жүздеген жылдар бойы жата беретіні белгілі. Осыған байланысты жергілікті экологтар дабыл қағуда. Себебі бұл теңізді көптеген сирек кездесетін тіршілік иелері мекендейді. Енді мұндағы пластик қоқыстар сұрыпталып өндіріске пайдаланылмақ. Одан спорттық киім, шұлық, тіпті кілем жасауға болады екен.

Хабар 24 телеарнасы