389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаткерлер: Трамп Болтонның кеңестерінен бас тартуы керек

  • 257
  • UPD: 17:21, 29.05.2019
Саясаткерлер: Трамп Болтонның кеңестерінен бас тартуы керек

АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің ұсыныстарын тыңдамауы қажет.

Америка мен оңтүстіккореялық шенеуніктер осындай мәлімдеме жасады. Дональд Трамптың кеңесшісі Джон Болтон 25 мамырда Жапонияға жасаған сапары кезінде Солтүстік Кореядағы зымыран ұшырылымдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзып отырғанын айтқан. Ресми Пхеньян бұған жауап ретінде Болтонды соғыс құмар деп атады. Ал бұрын АҚШ мемлекеттік департаментінде бөлім басшысы болған Мортон Халперин АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары ядролық қару бойынша келісім жасауға ниетті еді, бірақ нашар кеңесшілер бұған кедергі келтірді деп санайды. Сарапшылардың пікірінше, егер Болтонның кеңесі қабылдана барсе, Вашингтон енді Пхеньянмен бір үстелге отырмайды.

Джозеф Детрани, Корея түбегі бойынша алтыжақты келіссөздерде АҚШ-тың бұрынғы арнайы өкілі:

- Келіссөздер барысында Ёнбендегі полигонды жою мәселесі үнемі талқыланып жүргенін білеміз. Әрине, Солтүстік Кореяның одан басқа да мүмкіндіктері бар, бірақ бұл процесс Ёнбенды жоюдан басталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы