378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың жақтастары Мексикамен араға қорғанды өз қаражаттарына тұрғызбақ

  • 141
Трамптың жақтастары Мексикамен араға қорғанды өз қаражаттарына тұрғызбақ russian.rt.com

Президент Трамптың жақтастары Мексикамен араға қорған тұрғызады.

Ал қаражатты өз қалталарынан шығарады. Даулы мәселе осылай шешімін табатын түрі бар. Бұған дейін Конгресс Дональд Трамптың қорған салам деп сұраған ақшасын бермей қойған еді. Істі мүгедек, бұрынғы әскери Брайан Колфейдж қолға алған. Ол әлеуметтік желіде өзі құрған қайырымдылық қоры арқылы қорған тұрғызып жатқанын хабарлаған. Оның айтуынша, жиналған қаржы 30 шақырымдық 2 ауданды қоршауға жұмсалады. Ал АҚШ-тың Шекара қызметі бұл шараға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Айта кетейік, америкалық сот өткен аптада президентке Мексикамен арадағы шекара үшін Пентагонның бюджетін пайдалануға тыйым салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы