389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстіккореялықтар өмір сүру үшін шенеуніктерге пара беруге мәжбүр

  • 295
Солтүстіккореялықтар өмір сүру үшін шенеуніктерге пара беруге мәжбүр

Солтүстік Кореяда жемқорлық пен қуғын-сүргін күшейген.

Бұл туралы БҰҰ-ның жаңа баяндамасында жарияланды. Мәлімет елден қашқан 214 адамның куәлігінен құрылған. Олардың айтуынша, мемлекетте көп тұрғын төленбейтін жұмысқа жегілмеу үшін шенеуніктерге ақша береді. Бірақ Пхеньян құжаттың саяси астары бар және ол негізсіз деп жауап қатты. Билік елдегі жағдай БҰҰ-ның 2006 жылы салған санкциясынан кейін нашарлап кеткенін айтады. Ал ұйымның мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Кореяда 10 миллион адам тойып тамақ ішпейді. Биыл егін дұрыс шықпаса, жағдай одан әрі нашарлай түсетінін айтады. АҚШ болса Пхеньяннан елдегі барлық концлагерьлерді жабуды талап етуде. 

Мишель Бачелет, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары:

– Солтүстік Корея билігі өз тұрғындарын өмір сүруге қажетті басты тауарлармен қамтамасыз ете алмай отыр. Бірақ осыған қарамастан, әлем бойынша ірі әскері бар. Қосымша табыс тапқысы келетін адамдар қуғын сүргінге ұшырауы ықтимал. Сондай-ақ ақысыз еңбек жүйесі жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы