384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзия Еуропа елдерінен заңсыз келген пластик қоқыстарды кері қайтарады

  • 268
Малайзия Еуропа елдерінен заңсыз келген пластик қоқыстарды кері қайтарады

Малайзия АҚШ пен Еуропа елдерінен заңсыз әкелінген пластик қоқыстарды кері қайтаратын болды.

Жалпы салмағы 3 мың тонна болатын 60 контейнер 14 елден тасымалданған. Оған өткен жылы Қытайдың пластик қоқысты қабылдауға тыйымы себеп. Осыдан кейін қоқыс Малайзияға әкелініп, заңсыз зауыттар көбейген. Мәліметке қарағанда билік 150 заңсыз кәсіпорынды жапқан. Айта кетейік, Малайзия – заңсыз қоқысты кері қайтарған екінші азиялық мемлекет. Сәуірде Филиппин елі дәл осылай істеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы