389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Ақ үй маңында белгісіз ер адам өзін өртеп жіберді

  • 301
АҚШ-та Ақ үй маңында белгісіз ер адам өзін өртеп жіберді segodnya.ua

Вашингтонда Ақ үйге жақын орналасқан саябақта белгісіз ер адам өзін өртеп жіберді.

Туристердің твиттерге жариялаған видеосынан адамның өртеніп жатқаны көрінеді. Алайда көп ұзамай оған өрт сөндіру құралын ұстаған азамат көмекке келген. Артынша полиция қызметкерлері де оқиға орнына жетеді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ер адам ауыр күйіктермен ауруханаға жеткізілген. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы