384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада ереуілден кейін жүздеген рейс шегерілді

  • 109
Аргентинада ереуілден кейін жүздеген рейс шегерілді

Аргентинада ұйымдастырылған жалпыұлттық ереуілден жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді.

Буэнос-Айрес қаласында мектептер жабылды. Барлық банктер мен өзге де кеңселер жұмыстарын уақытша тоқтатты. Ереуіл шаһардың еңбек конфедерациясының ұйымдастырылуымен өтті. Жиналған кәсіподақ мүшелері үкіметтің экономикалық саясатына наразылығын білдіріп, елде жалақыны көтеріп, салық көлемін төмендетуді талап етті.

Гильермо Паканини, ереуілдеуші:

– Осы жерде жиналуымыздың себебі бар. Елде 5 млн адам екі қолға бір күрек таба алмай отыр. Миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүреді. Халықтың жалақысы мен зейнетақысы аз. Көп ұзамай еліміздің халықаралық валюта қорынан көмек сұрауы да ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы