Түркияда мигранттарды заңсыз тасымалдаған қылмыстық топ қолға түсті.
Олар Таяу Шығыс елдерінен шыққан босқындарды Еуропаға өткізіп отырған. Қазіргі ұсталғаны 20 күдікті. Түрік полициясының мәліметі бойынша олар Италия және Грекия контрабандашыларымен тығыз байланыста болған. Операция барысында тінту жүргізіліп, олардан есірткі, ұялы телефон мен ноутбуктер алынды.