378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эболадан 300-ден астам адам көз жұмды

  • 133
  • UPD: 07:37, 31.05.2019
Конгода Эболадан 300-ден астам адам көз жұмды LifeGlobe

Конгода Эбола эпидемиясы өршіп барады.

Мамыр айында бұл дертке шалдыққан 1200 науқастың 300-ден астамы көз жұмды. Конгода бұл ауру өткен жылдың тамыз айында тұтанған еді. Бір ғана жылдың ішінде Эболаны  жұқтырғандардың саны үш есеге артқан. Сарапшылардың айтуынша, бұған өңірдегі салт-дәстүр кері әсерін тигізіп отыр. Конгода қайтыс болған адамды бірден жерлеуге тыйым салынған. Одан бөлек науқасты емдеуге барған медбикелер де арнайы киім кимей безгекті жұқтырып жататын көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы