383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда кеме апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

  • 126
  • UPD: 09:37, 31.05.2019
Венгрияда кеме апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Мажарстан полициясы Дунай өзенінде апатқа ұшыраған кеме жүргізушісін қамауға алды.

64 жастағы украиналық капитан адам өліміне әкелген әрекеті үшін айыпталып жатыр. 

Естеріңізге салайық, жуырда Дунай өзенінде бортында 34 турист болған кеме аударылып, оңтүстіккореялық 7 саяхатшы мерт болды. Жарақат алған 7 адам ауруханаға жеткізілді. Ал қалған туристердің тағдыры беймәлім. Серуендеуге шыққан теңіз көлігінде 32 Оңтүстік Корея тұрғыны мен 2 экипаж мүшесі отырған. Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасауда. Салдарынан мамандар су түбіндегі кемені әлі сыртқа шығара алмай әлек. Полицияның айтуынша, мерт болғандардың үстінде құтқару жилеттері болмаған.

Хабар 24 телеарнасы