378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда нәубет жылдары 13 мың адам жазықсыз атылды

  • 182
  • UPD: 14:49, 31.05.2019

Өзбекстанда кешегі нәубет жылдары 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 13 мыңы жазықсыз атылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті халық жауының әйелі деген желеумен қаншасы ит жеккенге айдалды. Көрші ел тарихында ол кезеңдер «Үлкен қырғын» деген атаумен белгілі. Күні бүгінге дейін солақай саясат құрбаны болған жандардың не бәрі жиырма мыңы туралы мәлімет жиналыпты. «Оның өзі толық емес», – дейді сала мамандары. Барлық деректер қазір Ташкенттегі «Шейіттер» тарихи кешеніндегі республикалық музейінде сақтаулы тұр. Қазір ел аумағында боздақтарға арнап осындай 13 музей ашылған.

Бахтияр Хасанов, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің басшысы:

- Ұлтызымдың қаймақтары мен әдебиет саңлақтары Абдулла Қадри, Шолпан мен Фитратты дәл осы жерде жазықсыз жала жауып атып тастады. Мемлекет қайраткерлері мен жазушы, мәдениет майталмандарынан жалпы 6920 кісі атылған. Тарихта бұндай сұмдық оқиға болмаған деп айта аламын. Яғни ұлт зиялылары мен елдің бас көтерер азаматтары қырғынға ұшыраған.

Хабар 24 телеарнасы