384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда медицина және ғылым музейі қайта жанданды

  • 266
Сирияда медицина және ғылым музейі қайта жанданды

Дамаскіде 8 жыл бұрын жабылған медицина және ғылым музейі қайта ашылды.

Ол ХХІ ғасырда салынған аурухана ғимаратында орналасқан. 1 мың 300 адамға есептелген емдеу мекемесі бұрындары барлық кедейлер мен мұқтаж жандарға тегін қызмет көрсетіпті. Сол себепті онда ежелгі медицина жайлы терең мағлұмат алуға болатын экспонаттар жиналған. Көбісінің жасы жүздеген жылдарды құрайды екен. Оның ішінде түрлі шипалы шөптер, дәрі-дәрмектер мен сол уақытқа тән емдеу әдіс-тәсілдері бейнеленген суреттер бар. Алайда елде азаматтық соғыс басталғанда музей жұмысын тоқтатып, жәдігерлерін қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болған. Ал қазір музей басшылығы елдегі жағдай қалпына келді деп, қайтадан келушілерді қабылдауға дайын.

Вуруд Ибраним, музей директоры:

- Музейдің келешегін ойлағандықтан, оны жабамыз деп шештік. Ғимаратқа зақым келмеді. Бірақ біз көбіне Дамаскідегі және бүкіл Сириядан жиналған көне жәдігерлерге алаңдаған едік. Сол себепті соғыс аяқталғанша музей топтамасын қауіпсіз жерге көшірдік. Қазір Дамакстегі жағдай қауіпсіз. Сондықтан музей жұмысы қайта жанданып отыр.

Хабар 24 телеарнасы