379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Будапештке Кореяның Сыртқы істер министрі барды

  • 127
  • UPD: 09:54, 01.06.2019
Будапештке Кореяның Сыртқы істер министрі барды

Дунай өзенінде болған қайғылы оқиғадан кейін, құтқару операциясына көмек көрсету үшін Будапештке Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Канг КЁнг Хва келді.

Ол апатқа ұшыраған кеменің бортында болған жолаушыларға көмек көрсету тобын басқаратын болады. Құтқару операцияларына сондай-ақ, корейлік сүңгуірлер тартылды. Айта кетейік, жуырда Дунай өзенінде бортында 34 турист болған кеме аударылып, Оңтүстік кореялық 7 саяхатшы мерт болды. Жарақат алған 7 адам ауруханаға жеткізілді. Ал қалған туристердің тағдыры беймәлім.  Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасауда. Салдарынан мамандар су түбіндегі кемені әлі сыртқа шығара алмай әлек. Полицияның айтуынша, мерт болғандардың үстінде құтқару жилеттері болмаған.

Хабар 24 телеарнасы