389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вирджиния штатында атыстан 12 адам қаза тапты

  • 230
  • UPD: 11:25, 01.06.2019

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы әкімшілік ғимаратының бірінде атыс болып, 12 адам қаза тапты.

Тағы 6 қызметкер жарақат алды. Оқиға Вирджина-Бич қаласында жергілікті уақытпен сағат түскі 16:00 шамасында болды. Тапанша және винтовкамен қаруланған ер адам Қалалық коммуналдық қызмет көрсету ғимаратына кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмыскерді атып, ол жарақаттан көз жұмды. Әзірге оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. Мәліметке қарағанда ол бұған дейін осы мекемеде  жұмыс істеген. Бірақ жұмыстан шығарылған. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы