380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та торнадо су тасқынына ұласты

  • 144
  • UPD: 11:31, 01.06.2019
АҚШ-та торнадо су тасқынына ұласты

АҚШ-тың оңтүстігінде ойран салған торнадоның соңы су тасқынына ұласты.

Арканзаста толассыз жауған жауын салдарынан өзен арнасынан тасып, өңірді су басып қалды. Жергілікті өзен-көлдердің деңгейі рекордты көрсеткішке жетті. Су екі метрге көтерілген. Форт-Смит қаласында барлық көшелерді су басып, 2,5 мың тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оклахомада бөгеттер бекітіліп, су ағызатын құрылғыларын сайлап жатыр. Өйткені синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Жаңбыр жақын күндері тоқтамаса, тиісінші су деңгейі де көтеріле бермек.

Хабар 24 телеарнасы