384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эквадорда түрмедегі бүліктен 6 адам қаза тапты

  • 294
  • UPD: 14:35, 01.06.2019
Эквадорда түрмедегі бүліктен 6 адам қаза тапты blogspot.com

Эквадордың Гуаякиль қаласындағы түрмеде бүлік шығып, 6 адам қаза тапты.

Тағы бір сотталушы жарақат алды. Оқиға таңғы уақытта жүздеген адам түзету орынындағы туыстарын көруге келген кезде болған. Бірақ толқудың неден басталғаны әлі белгісіз. Түрмеде тәртіпсіздіктер шыққаны туралы хабар тараған соң сотталғандардың жақындары тіптен көбейген. Бірақ олар өз туыстарының жағдайы туралы ақпарат ала алмай, сырттағы полицейлерге тас лақтырып, наразылық танытқан. Ал жергілікті прокуратураның мәлімдеуінше, бүлікке байланысты тергеу басталып, 4 адам ұсталған.

Хабар 24 телеарнасы