384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада орман өртінен 10 мыңнан астам адам эвакуацияланды

  • 101
  • UPD: 15:29, 01.06.2019
Канадада орман өртінен 10 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Канаданың Альберта провинциясында орман өрті күшейіп, 10 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Аймақтың солтүстігінде лаулаған жалын оңтүстікке қарай бет алып, 230 мың гектар жерге жайылған. Табиғат апатынан өңірдегі экологиялық жағдай нашарлады. Өрттен Эдмонтон мен Калгари қаласын түтін басып, шаһар тұрғындарына қиындық туғызуда. Түтін тіпті Канадамен шекаралас АҚШ-тың Монтана, Солтүстік және Оңтүстік Дакота, Вашингтон және Вайоминг штаттарына жеткен. Қазір тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп жатыр. Оған ондаған ұшақ пен тікұшақ қолданылуда.

Хабар 24 телеарнасы