379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде зауыттағы жарылыстан 19 адам жарақат алды

  • 165
  • UPD: 21:24, 01.06.2019
Ресейде зауыттағы жарылыстан 19 адам жарақат алды

Ресейдің Дзержинск қаласындағы қопарғыш зат дайындайтын «Кристалл» зауытында жарылыс болып, 19 адам жарақат алды.

Дүмпудің қатты болғаны сонша, жақын маңдағы тұрғын үйлердің терезелері сынған. Жарылыстың соңы өртке ұласты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, технологиялық процесс кезінде қателік жіберілген. Қазір қалада жедел штаб құрылып, апаттың салдарымен күресіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы