384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ әділет министрлігі Alphabet компаниясын тергеуге кірісті

  • 258
  • UPD: 21:25, 01.06.2019
АҚШ әділет министрлігі Alphabet компаниясын тергеуге кірісті

АҚШ әділет министрлігі Google компаниясын иеленуші Alphabet бірлестігін тергеуді бастады.

Билік оны монополияға қарсы заңды бұзды деп айыптап отыр. Іс Google-ға қатысты. Әділет министрлігі оның кәсіпті жүргізу әдісін, ғаламтордағы іздеу қызметін және өзге де мәселелерді тексермекші. Бұған дейін сауда жөніндегі федералдық комиссия да тергеу жүргізіп, бірақ еш шара қолданбаған еді. Себебі, Google құпия түрде олқылықтарды жоюға уәде еткен.

Ал Еуропалық комиссия Google-ға монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін 4 миллиардтан астам еуро айыппұл салған. Ол кезде бірлестік  Android операциялық жүйесіне өзінің браузері мен Google іздеуішін орнатуды міндеттегені үшін айыпталған.

Хабар 24 телеарнасы