378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боснияда мигранттарға арналған лагерьде өрт шықты

  • 90
Боснияда мигранттарға арналған лагерьде өрт шықты 112 Украина

Боснияның Велика-Кладуш қаласындағы мигранттарға арналған лагерьде өрт шығып, 29 адам жарақат алды.

Жапа шеккендердің 9-ы жергілікті ауруханаға орналастырылып, қалғаны Бихач шаһарына жеткізілді. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Қазір ол тексеріліп жатыр. Ал мәліметке қарағанда, бұл лагерьде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келген 3 мыңнан аса босқын тұрады. Салдарынан шаһарда түрлі мәселе көбейіп, тұрғындардың биліктен келімсектердің санын азайтуды талап етуі күшейген.

Хабар 24 телеарнасы