Израиль әуе күштері Сирияның Эль-Кунейтра қаласының маңындағы әскери нысандарға соққы беріп, 3 жауынгер қаза тапты.
Тағы 5 сарбаз жарақат алды. Операция өткен түні сириялық күштердің Голан жоталарын зымыранмен атқылағаны үшін жасалған. Бұл туралы Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның айтуынша, Дамаск өз аумағынан жасалған кез келген шабуылға жауапты. Айта кетейік, Израиль Голан жоталарын 1967 жылы алты күндік соғыс барысында жаулап алған. Ал 198 жылы бұл елдің парламенті оны аннексиялау туралы заң қабылдады. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 497-қарармен бұл заңның күші жоқ екенін жариялаған болатын.